Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Мәдениеттану
71я73
Т 65
Төкенов, Ө. С. 
Мәдениеттану [Мәтін] : оқулық / Ө. С. Төкенов. – Толықт. бас. – Алматы : Нур-Принт, 2020. – 370 б.

Бұл оқулықта мәдениеттанудың негізгі мәселелері жан-жақты және жүйелі түрде мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес жасалған. Автор мүмкіндігінше студенттерге қажетті деген мәселелерді толығынан қамтуға тырыса отырып мәдениеттің теориялық-ұғымдық құрылымдық тұрғыларын және мәдениеттің дінмен, философиямен, ғылыммен байланыстарын қарастырған. Яғни, мәдениеттің сақталу, жаңару динамикасы арқылы автор миф, дін, өнер, философия, ғылым өрістерінің жасалу түрлерін және олардың тарихи қалыптасу жағдайы қаралған.

Оқулықтың авторы адамзат мәдениетінің даму логикасын жеке адам санасының қалыптасуына бағыттаған. Бұл әрине мәдениеттанудың заңды мазмұнының негізгі жағы. Сонымен қатар, қазіргі заман мәдениеттану білімінің мазмұнын біртұтас күйінде қарастыра отырып Шығыс пен Батыс және Қазақстан мәдениеттерінің ежелгі дәуірінен бастап күні бүгінге дейінгі даму ерекшеліктері көрсетілген.
Мұның өзі студенттердің мәдениеттің құндылықтар жүйесін және оның категориялдық аппараттарын игеруге көп мүмкіндік берері сөзсіз. Жеткілікті түрде тілге жеңіл, сондықтан оқулық жоғары оқу орындарының білімгерлеріне ғана емес, мәдениет туралы түсінігін дамытқысы келетін көпшілік оқырман қауымға да арналады.



Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus