Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Қазақы мұсылмандық дәстүрдің генезисі
63.3(5Қаз)
Н 86
Нұртазина, Н.
Қазақы мұсылмандық дәстүрдің генезисі [Мәтін] : монография / Н. Нұртазина. – Алматы : Қазақ университетi, 2020. – 170 б.

Монография Қазақстан тарихындағы мұсылмандық мәдени- өркениеттік факторының ортағасырда таралып, қоғамдық өмірде көрініс беруін пәнаралық тұрғыда, «аймақтық ислам» тұжырымдамасы негізінде зерттеуге арналады. Қазақ қоғамында дін ережелерінің сақталуын дәлелдейтін ұлттық және шетелдік тарихи-этнографиялық дереккөздер мәліметтері кеңінен қолданылады. Ханафилік шариғат пен тасаввуфтың (сопылық, суфизм) көшпелі мәдениетпен синтезденуі, Еуразия даласында ислам дінінің таралуын кезеңдеу мәселелері қозғалады.

Ислам факторы қазақ мәдениетінің жүйеқұрғыш рухани-идеологиялық іргетасы болуы себепті автор «қазақы мұсылмандық дәстүр» деген жаңа тарихи ұғымды ұсынады. Оның мазмұнына өнер мен мәдениетпен қоса хандардың саясаты мен идеологиясы, көптеген әлеуметтік ұстанымдар мен әдеттер жатқызылады. Монография кәсіби тарихшылар, этнологтар, философтар мен дінтанушыларға ғана емес, сол сияқты қазақ тарихындағы ислам мәселелеріне қызығушылық танытатын көпшілік оқырманға да арналады.



Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus