87.75
М 39
Медиаэтика [Мәтін] : Жас мамандар тәжірибесінен / ред. Ли Энн Пек, Гай С. Рил ; [ауд. - Мұқанов Б., Сәбит Б., Қадылбек Б.]. – 2-бас. – Астана : Ұлттық аударма бюросы, 2019. – 304 б. – (Рухани жаңғыру).
Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық жобасы
Бұл кітап студенттер мен жас мамандарға медиа саласында кездесетін этикалық мәселелерді шешу жолдарын көрсетуге арналған. Еңбекте жарнама, жаңалықтар, қоғаммен байланыс саласында жұмыс істейтін жас мамандар тап болған күрделі мәселелер мен шынайы оқиғалар баяндалады. Әр жағдаят кеңінен сипатталып, қатысушылар әрекеті арқылы жан-жақты ашылып көрсетіледі. Сондықтан оқырман «мұндай жағдайда мен не істер едім» деген ой үстінде болады.
Кіріспе материалда философиялық толғамдар мен теориялық тұжырымдарға, моральдық мәселелерге де орын берілген.
Кітап – студенттердің теориялық білімін тәжірибемен оңтайлы ұштастырып, өмірде кездесетін тосын, күрделі мәселелерден жол тауып шығуға баулитын тағылымды еңбек.