Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Пушкин Қазақстан жерінде»
11.06.2018

Биыл әлемге әйгілі орыс ақыны Пушкиннің туғанына 219 жыл толып отыр. Ол орыс халқы үшін ғана емес, күллі әлемге ортақ. Қазақ жеріне де бөтен емес. Сондықтан да Л. Н. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК ұлы тұлғаны ескерусіз қалдырған емес. Жыл сайын дәстүрлі түрде оның туған күнінде қостанайлық әдебиет өкілдері бас қосып еске алу кешін өткізіп келеді.

А. С. Пушкиннің «Белкиннің повестері», «Капитан қыз», «Ұлы Петрдің арабы» атты прозалық шығармалары, өлеңмен жазылған «Евгений Онегин» романдары да бейнелі тілмен жазылған. Пушкин шығармалары өте мөлдір, сондай таза, түсінікті. Ал шынына келгенде ол тұңғиық, терең. Пушкин де дәл солай. Оның қарапайым сөздерінде қаншама даналық жатыр десеңші! Мұны біз біртіндеп, жылдар өткізіп барып түсінеміз. Сондықтан да Пушкинді қайта-қайта оқуға болады және оқыған сайын жаңалық тауып, рахатқа батасың.

Осы орайда облыстық кітапхананың әдеби-ақпараттық бөлімінде орыс ақынының кітаптарынан «Пушкин Қазақстан жерінде» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып отыр. Онда ақынның әртүрлі жанрда жазған 25-тен астам кітабы орналасқан. Сондай-ақ, Пушкин туралы әлемге әйгілі ақын-жазушылардың ойлары мен қызықты деректер топтастырылған. Сондай-ақ жоғарыда аты алған шығармаларды да осы жерден кездестіре аласыз. Оқырмандарды Пушкин мұраларымен жақын келіп танысуға шақырамыз.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ