Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Жаздағы оқиғалар
29.06.2018

Жаз – демалыстар мен демалу, саяхат пен қыдыру уақыты. Сол себепті Әдеби-ақпараттық бөлімнің қызметкерлері «Фантастика мен түрлі оқиғалар әлемі. Мир фантастики и приключений» атты үлкен безендірілмелі кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге шығармалардың өздерінен басқа осы жанрда шығарма жазған ең танымал авторлар жайындағы журнал мақалалары қойылған.

«Ақылға сыймайтын оқиғалар. Самые невероятные приключения» деп аталатын бірінші бөлім ертегілерге арналған. Осы жерде фольклорлық мәтіндермен (мысалы, ағайынды Гримдер жинаған) қатар ертегі сарыны бар әдеби шығармалар (А. С. Гриннің «Алые паруса», Л. Кэрроллдың «Приключения Алисы», К. С. Льюистің «Хроники Нарнии» шығармалары) қатар орналасқан.

Түрлі қылмыстарды ашумен байланысты шығармалар «Детектив оқиғалар. Детективные истории» деп аталатын көрменің екінші бөлімінде орналасқан. А. Конан Дойл, М. Пьюзо, Э. По, тіпті С. Кинг – бұлардың барлығы бар өмірін осы бір тамаша жанрға арнаған жандар.

«Фантастика кеңістігі. От фантастики до фэнтези» деп аталатын үшінші бөлім «Гарри Поттер», «Сумерек», Г. Уэллс және Т. Пратчетт шығармаларын ұнатушылар үшін қызықты болмақ. Осы жерде «Антология современной казахстанской научной фантастики» басылымы қойылған.

Шытырман оқиғалы әдебиеттер оқырмандардың, әсіресе жастардың үнемі қызығушылығын тудырып отырады. Бұл кітаптар түрлі әсерге бөлеп қана қоймай, батылдықты тәрбиелейді, қиялға қанат бітіреді, беймәлім дүниемен кездесуге жетелейді.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus