Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Сөз сыры
02.07.2018

Сөздік – ішіндегі ақпараты шағын мақалаларға бөлу арқылы, атауы немесе тақырыбы бойынша іріктеу әдісімен ретке келтірілген кітап. Кітап шығару ісіндегі ең тез өсетін бөлігі – бұл анықтамалық-энциклопедиялық әдебиет. Сөздіктер мен анықтамалықтар күн өткен сайын сюжеттік шығармалардың басты бәсекелесіне айналып келеді. Күн өткен сайын өсіп келе жатқан ақпараттардың өздерінің ұқсас салаларына жіктелуі себепті олар ерекше сұранысқа ие болып отыр. Сөздіктердің барлығы: түсіндірме және энциклопедиялық, дәйексөздер мен синонимдер, терминдер мен метафоралар, фразеологизмдер мен неологизмдер санамызда сапырылысып кетеді де, барлық ойлау процесінің күрделі үйлестіру жүйесін жасайды.

Әмбебап оқу залында 2 шілдеден бастап үстіміздегі жылдың соңына дейін кітапханамызда бар анықтамалық әдебиеттердің сан алуан түрі қойылған «Анықтамалықтар мен сөздіктер әлемі» кітап көрмесі жұмыс істейтін болады. Оқырмандар назарына экспозицияның үш бөлімі – ағылшын тіліндегі бірегей анықтамалық басылымдар: медициналық, саяси, экономикалық сөздіктер, ауызекі лексиканың жаңа сөздігі, сондай-ақ ағылшын сленгінің анықтамалықтары қойылған. 

Құрметті оқырмандар, көрмемізді тамашалауға шақырамыз!
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus