Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Үлкен еңбектің үлкен адамдары» портрет-кеші
12.10.2018

10 қазанда Өлкетану әдебиеттері бөлімі «Социалистік Еңбек Ері» құрметті атағының бекітілгеніне 80 жыл толуына арналған «Үлкен еңбектің үлкен адамдары» портрет-кешін өткізді.

«Социалистік Еңбек Ері» құрметті атағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1938 ж. 27 желтоқсандағы жарлығымен бекітілді.

Бұл атақ өзінің ерекше жаңалығымен, іс-әрекетімен өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік, сауда саласының дамуына, ғылыми және техникалық жаңалығымен халық шаруашылығының, мәдениеттің, ғылымның өркендеуіне ықпал еткен тұлғаларға берілді.

Қостанайлық Социалистік Еңбек Ерлерінің арасында егіншілер мен металлургтер, шопандар мен сауыншылар, тракторшылар мен құрылысшылар, мұғалімдер мен партия қызметкерлері, дәрігерлер мен кеншілер де бар. Олар облыс пен елімізге танымал Оразалы Әбілұы Қозыбаев, Андрей Михайлович Бородин, Кәмшат Байғазықызы Дөненбаева, Николай Фадеевич Сандригайло, Жансұлтан Демейұлы Демеев, Нариман Ғазизұлы Исмағұлов, Вера Васильевна Сидорова және т.б. арамызда жүрген немесе өмірден өткен, алайда артында жарқын іс қалдырған біздің жерлестеріміз.

Кешке құрметті қонақ ретінде ақын Ақылбек Шаяхмет, Қостанай облысының мемлекеттік мұрағатының маұрағатшысы Анна Александровна Карпухина және Кәмшат Дөненбаеваның туыстары мен достары шақырылды. Анна Александровна «Социалистік Еңбек Ері» атағы туралы және аталған тақырыпқа арналған мұрағаттың қорлары жайында жан-жақты ақпарат берді. Ақылбек Шаяхмет қостанайлық Еңбек Ерлеріне арналған пьеса туралы айтып беріп, жастарды осы бір атақты адамдардан үлгі алуға шақырды. Кәмшат Дөненбаеваның туыстары мен жақындары Мүгілсім Қосманова, Ақмарал Жақсыбаева, Сара Омарова атақты жерлесіміз жайындағы естеліктерімен бөлісті.

Шара кітапхана қорынан алынған кітаптар мен мерзімді басылымдардан келтірілген жарияланымдар қойылған тақырыптық кітап көрмесімен сүйемелденді. Көрмені «Қостанай облысының мемлекеттік мұрағаты» ММ ұсынған Қостанай облысының «Социалистік Еңбек Ері» туралы қысқаша ақпарат толықтырды.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus