Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Қазақ поэзиясының философы»
27.12.2018

26 желтоқсанда Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК әдеби қонақжайында «Ақ қауырсын» әдеби-поэтикалық клубы мүшелерінің арасында  өткізілген «Қазақ поэзиясының философы» әдеби байқауының қорытындысы шығарылды. Байқау қазақтың атақты ақыны, ойшылы, философ Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына арналды. Байқаудың қазылар алқасының құрамына қостанайлық танымал әдебиетшілер – ҚР Жазушылар одағының мүшесі, ақын Жолбарыс Қажы Баязид, «Қостанай таңы» газетінің журналисі Жандос Жүсіпбек және ақын, тележүргізуші Абылай Мауданов енді.

Байқаудың қорытындысы бойынша Дәулет Жадырасын – 1 орын, Қарлығаш Сұлтан – 2 орын, Гүлдана Бұқарбаева – 3 орын үздік үштіктің қатарынан көрінді. Қазылар алқасының төрағасы Абылай Мауданов жеңімпаздарды марапаттау барысында өзінің Шәкәрімнің шығармашылығына және байқауға қатысушылардың өлеңдеріне таңданысын білдірді. Басқа қатысушылар Алғыс хаттармен марапатталды.

Шара байқауға қатысушылардың шығармаларын оқумен аяқталды.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus