Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Қуатты елдің жастары» көрмесінің салтанатты тұсаукесері»
01.02.2019

«Жастар – еліміздің қазіргі әлемдегі бәсекеге
қабілеттілігінің негізгі факторы».

Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың
Жастар жылының ашылу салтанатындағы баяндамасынан,
2019 ж. 23 қаңтары
  

Жаңа жыл әрбір жас қазақстандық үшін елеулі жыл болды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. 

1 ақпанда Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК мемлекет басшысының бастамасына қолдау көрсету мақсатында «Қуатты елдің жастары» кітап көрмесінің тұсаукесері өтті. Кітап көрмесінің негізгі бөлімдері Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың ақылы мен білімі Отанымызға пайда әкелетін қазақстандық талантты жастар мен жас мамандарға қолдау көрсетуге бағытталған саясатын паш етеді.   

Көрменің салтанатты ашылуына Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Әзімжанова Сәуле Ерқанқызы, Қостанай облысы әкімдігінің жастар ісі жөніндегі басқармасының жастармен және жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің басшысы Шаймұрынов Саят Жұматұлы, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рухани жаңғыру» кафедрасының әдіскері Нұржан Оразғалиев, «Жас Отан» облыстық жастар қанаты филиалының төрағасы Әлібек Мұхамеджанов, ҚР Ұлттық ұланы №6697 әскери бөлімінің сарбаздары Ерментаев Үсен мен Юсуп Рашид қатысты.Шараға қатысушылар кездесуге келген жастарды өз істерінің шебері және Отанымыздың патриоты болуға, сапалы білім алу үшін және қолжетімді баспанаға ие болу үшін мемлекеттік қолдаудың шараларын белсенді пайдалануға, мемлекеттің дамуы және Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуі үшін қолдан келгеннің барлығын істеуге шақырды.

 Көркем безендірілген, 100 жуық басылым қойылған кітап көрмесі шараның барлық қонақтарының назарын аударды. Түрі бойынша тұрақты жұмыс істейтін, тақырыптық, стационарлық болып табылатын кітап көрмесі кітапхананың Жастар жылына арналған бірқатар мәдени-ағартушылық шараларын бастап берді.

 Көрме өз жұмысын үстіміздегі жылдың соңына дейін жалғастыратын болады және оқытушылар, ғылыми қызметкерлер, студенттер, сондай-ақ еліміздегі және әлемдегі жастар ісіне қатысты өзекті мәселелерді назарында ұстайтындардың барлығы үшін қызықты болмақ.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus