Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Наурыз көже
18.03.2019

Барша түркі халқы сияқты қазақ халқы да жыл басын көктемгі күн мен түннің теңелген сәті — наурыз айының 22-жұлдызына қараған түннен бастайтыны белгілі. Демек, 22 наурызды Жаңа жыл, «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Бұл күндері әр отбасы дастарқанын асқа толтырып, тілек айта келген ағайын-туыстарды, жолдас-жораларды күтеді. Өздері де қыдырып, әр үйден дәм татып, ақ тілегін айтады. «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын», «Ұлыс бақты болсын, төрт түлік ақты болсын» — бұл жыл басында айтылар ақ бата, шын тілектер. Бұрын жұртшылықтың негізгі тіршілік тірегі төрт түлікке байланысты болғандықтан, келген Жаңа жыл молшылығын сол төрт түлікпен ғана елестете алады. Бұл күндері әр отбасының арнайы даярлайтын негізгі мерекелік тағамы — наурыз көже. Оны әр отба­сы түрлі қоспалардан жасағанмен, негізгі шарты біреу. Ол — наурыз көжеге салынар ас түрлері су мен тұздан басқа жетіден кем болмауы қажет. Біреулер жеті, біреулер тоғыз түрлі дәмнен даярлайды, алайда міндетті түрде тақ сан болуы шарт. Наурыз көженің ең басты тағамы сүрленген ет (ол болмағанда жас етті де пайдаланады), қазы-қарта, шұжық, қимай болып саналады. Содан кейінгі міндетті түрде болуға тиіс дәм — езілген құрт, ол болмаса айран, қатық, құрт қосылады. Сүріет, қазы-қарта піскен кезде етті түсіріп алып, сорпасына түктеліп, жаншылған бидай (не бидай жармасы), ақталған тары (болмаса сөк тары), күріш, қарақұмық, жүгері, ас бұршағы, т.б. қолда бар дәнді дақылдар пісу уақытына қарай кезегімен салынады. Егер тағам саны жетіге не тоғызға толмай жатса, ең соңынан кеспе салуға болады. Тек көженің тым қою болып кетпеуін қадағалау қажет.

Сүрі ет, қазы-қарта, қимай-шұжық демін алып, салқындаған соң, ұсақтап турап көжеге араластырады да, ең соңында ыстык, сорпаға алдын ала жібітіп қойған майлы қара құртты езіп немесе айран қатықты, құртты қосады.

 

Сегізбайұлы, К. Қазақы дастархан [Мәтін] / К. Сегізбайұлы. - Алматы: Атамұра, 2011. - Б.154-155.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus