Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Анатолий Корниенконың шығармашылық кеші
24.05.2019

23 мамырда әдеби қонақжайда қостанайлық белгілі ақын, 5 өлеңдер жинағының авторы, көптеген халықаралық, облыстық, өңірлік әдеби байқаулардың бірнеше мәрте жеңімпазы, мамандығы бойынша дәрігер Анатолий Аркадьевич Корниенкоға арналған шығармашылық кеш болып өтті.

Кешке Рудныйдан келген қонақтар – «Рудненский меридиан» әдеби бірлестігінің өкілдері Владимир Сизёв, Витольда Тресвятская, Валентина Кейдия келді. Ақынды жергілікті әдебиетшілер Андрей Удовицкий мен Николай Кочин де құттықтады. Шараға көлемді құраммен келген ІІД академиясының курсанттары үлкен белсенділік көрсетті. «63» шығармашылық ұжымының өнер көрсетуі мерейтой иесі үшін ерекше тарту болды, жастар Анатолий Корниенконың сөздеріне әндер шығарды және орындап берді. Сондай-ақ кешке «Крылья» жастар студиясының өкілдері қатысты.

Шара жанға жайлы достық ахуалда өтті. Кездесуге келгендер ақынның шығармашылығына қызығушылық танытып авторға көптеген сұрақтар қойды, өлеңдерін қызыға тыңдады, автордың поэтикалық жинақтары қойылған кітап көрмесімен танысты.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ