Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Қазақ әдебиетінің тарихы: облыс кітапханаларының көркем әдебиетпен жұмысы» облыстық семинары-шығармашылық шеберханасы
21.06.2019

2019 жылдың 19 маусымында Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК оқырмандарға қызмет көрсету бөлімдерінің кітапханашыларына арналған «Қазақ әдебиетінің тарихы: облыс кітапханаларының көркем әдебиетпен жұмысы» облыстық семинары-шығармашылық шеберханасы өтті. 

Семинар облыс кітапханаларының қазақ көркем әдебиетімен жұмыс істеу тәжірибелеріне арналды. Бұл тақырып соңғы онжылдықта өзекті болып отыр, оған мемлекеттік деңгейде көп көңіл бөлініп келеді. 2007 жылдан бері жұмыс істейтін «Бір ел – бір кітап» акциясы қазақ әдебиетінің танымдылығын арттыруға және жас ұрпаққа адамгершілік-отаншылдық тәрбие беруге бағытталған. Бұл бағыт сондай-ақ ҚР тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының мақсаттарының бірі болып табылады. Ұйымдастырушылар бұл тақырыпқа жеке семинар арнаған және оны бұрынғылардан басқаша өткізген дұрыс деп шешті. Біріншіден, оны шығармашылық шеберхана деп атады, себебі кітапханашылар бұл жерде тәжірибе алмасып қана қоймай қазақ әдебиетінің құрылу және даму тарихы бойынша біршама білім де алды. Екіншіден, екі дәріс түрінде өткен теориялық бөлімнен басқа қатысушылардың кітапханада зияткерлік ойындарды өткізу әдістемесі туралы жан-жақты ақпарат алып қана қоймай, өздерінің де ойынға қатысуларына және өздерінің қазақ көркем әдебиетіне қатысты білімдерін тексеріп алуларына мүмкіндік туды.

Қостанай қ. №2 орта мектебінің орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі Жаңыл Әзірханқызы Хәкімжанова мен А.Байтұрсынов ат. ҚМУ тіл және әдебиет теориясы кафедрасының оқытушысы Шынар Исламбекқызы Төлегенова өздерінің «Қазақ әдебиетінің тарихы: басталуы және қазіргі кездегі жағдайы», «Қазақ әдебиетінің кезеңдерге бөлінуі және қазіргі қазақ әдебиеті» атты дәрістерінде қазақ әдебиетінің даму тарихы туралы әңгімеледі, оның негізгі жанрларымен, жекелеген авторлардың шығармашылығымен таныстырды, қазіргі кездегі қазақ әдебиетінің даму барысына ерекше тоқталып өтті.

Бұдан кейін Ы. Алтынсарин ат. облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының әдіскері Оскирко Марина Александровна балаларға арналған көркем әдебиетпен жұмыс тәжірибесі туралы айтып берді.

Оның баяндамасын Алтынсарин аудандық орталық кітапханасының кітапханашысы Малюка Наталья Викторовна жалғастырды. Ол Қазақстанның әдеби мұрасын насихаттау бойынша ОКЖ кітапханаларында қандай жұмыстар жүргізіліп жатқаны туралы айтып берді. 

Соңғы жылдары кітапханаларда зияткерлік ойындар өткізу артып келеді.  Зияткерлік ойын – қатысушылардың өздерінің білімін қолдануына негізделетін көпшіліктің қатысуымен өтетін ойын түрі. Мұндай ойындар ұжымдық ойлау бойынша тәжірибе жинақтауға көмектеседі, шапшаң шешім қабылдауды дамытады, тапқырлық пен көп оқығандықты тексеруге мүмкіндік береді. Кітапхана ісінің ардагері,  Қостанай облысының зияткерлік ойындар өткізу бойынша кеңесшісі, Н.Назарбаев қорының «Зияткерлік олимпиада» тележобасының жүлдегері Давыденко Тамара Ивановна ойынды өткізу әдістемесі туралы айтып берді және семинарға қатысушылардың арасында ойын өткізді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының алғыс хатын тапсыру семинардағы жағымды оқиғалардың бірі болды. Кітапхана ісін дамытуға қосқан үлесі үшін және ұзақ жылғы жемісті жұмысы үшін Науырзым ОКЖ директоры Тасқымбаева Бейнегүл Төлетайқызы мен Қарабалық аудандық орталық кітапханасының толықтыру және әдебиеттерді өңдеу бөлімінің кітапханашысы Пронин Сергей Николаевич марапатталды.

Семинардың жұмысына Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының мәдениет ұйымдарымен жұмыс бойынша бөлімнің жетекшісі Шевко Ирина Викторовна қатысты.

Семинар жұмысының қорытындысы бойынша материалдар жинағы шығарылатын және барлық қатысушыларға таратылатын болады.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus