Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Үш ұлтты тең ұстаған ұл»
30.10.2019

30 қазанда Өлкетану әдебиеттері бөлімі мен Абонементтер бөлімі жазушы, аудармашы, әдебиет зерттеуші, Президенттің «Бейбітшілік пен рухани келісім үшін» сыйлығының лауреаты Г. К. Бельгердің 85 жылдығына арналған «Үш ұлтты тең ұстаған ұл» портрет-кешін өткізді.

Герольд Карлович Бельгер қазақ ауылында өсіп, қазақ орта мектебінде, кейін Қазақ педагогикалық институтының филология факультетінде оқыған. Ол қазақ, орыс және неміс тілдерін толық меңгерді. Орыс тіліне қазақ әдебиетінің классиктері – Б. Майлинды, Ғ. Мүсіреповты, Ә. Нұрпейісовты және басқаларды аударды. Оның өз шығармалары да жұрттың ерекше қызығушылығын тудырып келеді. Романдарының, повестері мен әдеби-сыни жұмыстарының ішінде қазақстандық немістердің тарихи жолы мен қазіргі кездегі жағдайлары да сөз болады.

Жиналғандардың назарына осы бір тамаша тұлға және автор жайындағы әдемі әңгіме ұсынылды, әңгіме слайдтармен және бейнематериалдармен сүйемелденді.

Г. К. Бельгердің өмірбаяны мен шығармашылығы туралы А. Байтұрсынов ат. ҚМУ философия кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Алмасбек Ахметұлы Әбсадықов, ЧелМУ Қостанай филиалының филология кафедрасының доценті А. М. Құсайынова берді және мәдениет қызметкері С. Н. Петрова айтып. Л. Н. Толстой ат. ҚОӘҒК кітапханашысы Ж. Б. Абитаева өзінің жазушымен қалай кездескенін есіне алып, Г. К. Бельгердің өзінің кітаптары, сондай-ақ ол жайындағы әдебиеттер қойылған кітап көрмесіне шолу жасады.

Кеш соңында Г. К. Бельгердің жастар мен барлық оқырмандарға айтқан тілегі ретінде оның шығармаларынан дәйексөздер оқылып, қазақ және орыс тілінде берген сұхбаттарынан үзінділер келтірілді.

Шара жиналғандардың барлығының – қаланың жоғары және орта оқу орындарының студенттерінің, оқытушыларының, жазушылардың, ғалымдар мен қаланың басқа да шығармашылық өкілдерінің үлкен қызығушылығын тудырды.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus