Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Әуесқой әдебиетшілердің музыкалық-поэтикалық кеші
04.11.2019

1 қарашада әдеби қонақжайда музыканы, поэзияны және зияткерлік ойындарды ұнататындардың басын қосқан әуесқой әдебиетшілердің музыкалық-поэтикалық отырысы өтті. Бұл жолы ол естігенді елең еткізер «Призрак в библиотеке» деген тақырыппен өтті. Кешті астанадан келген тұрақты қонақ Павел Чилига ашып, қостанайлықтарды өзінің жұрттікіне ұқсамайтын шығармашылығымен қуантты. Павел өзімен бірге әндер ғана әкелген жоқ, ол өзінің «Вместе навсегда» атты алғашқы альбомын да таныстырды. Оның бір сағатқа жуық орындаған шығармаларына риза болған жиналғандар құшырлана қол соғып, қошемет білдірді. Тұсаукесердің соңында музыкант түрлі тақырып: өмірі мен шығармашылығы жайында, шабытының көзі туралы, әндерінің тақырыбы туралы сұрақтар жазылған қағаздардың астында қалды. Павел Чилига өзінің жауабын: «Қостанай – ең шығармашыл қала, бұл жерде ең жақсы жұрт жиналған», – деген сөздермен аяқтады.

Әуесқойлардың отырысы әдеттегідей «Властелин словес» зияткерлік ойынымен аяқталды. Қатысушылар екі топқа бөлініп, берілген тапсырмаларды орындады: акростих жазды, «қарсы сөздер» ойнады, ескі газеттер мен журналдарды пайдалана отырып тақырыптық хаттар жазды. Тапсырмалар арасында музыкалық және поэтикалық үзілістер болды. Евгений Демидович пен Дамир Гаязов өздерінің өлеңдерін оқыса, Дмитрий Говорков пен «63» шығармашылық ұжымы авторлық әндерін орындады. Әуесқойлар отырысы әр қатысушы өзінің білгіштігін көрсеткен «әдеби покермен» және отырыстың қорытындысын шығарумен аяқталды. Командалардың капитандарына отырысқа қатысқандары туралы естелік дипломдар тапсырылды.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus