Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Қаламы жүйрік Би-аға»
18.11.2019

2019 жылдың 14 қараша күні Өлкетану әдебиеттері бөлімі көрнекті жазушы, ақын, драматург Бейімбет Майлиннің 125 жыл толуына арналған «Қаламы жүйрік Би-аға» атты әдеби-музыкалық кеш өткізді.

Кеш барысында есімдері республикаға және қаламызға танымал Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, драматург, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Ақылбек Шаяхмет және Бадрисафа экспедициясының мүшесі, белгілі журналист, «Егемен Қазақстан» газетінің Қостанайдағы меншікті тілшісі Назира Жаримбетова қатысты. Кеш қонақтары жазушы мұрасын, өмір жолын, еңбектерін насихаттады. Сонымен қатар І. Омаров атындағы қазақа драма театрдың актерлері келіп, қонақтарымызды Бейімбет Майлинге арналған қойылымымен тәнті етті. Шара барысында қазақтың қайратты ұлы Бейімбеттің шығармашылығынан бейнефильмдер көрсетілді және арнау өлеңдер оқылды. Кітапхана тарапынан бірегей басылымдардың ұсынылуымен ақын құрметіне кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus