Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Кемел ойлы кемеңгер»
20.11.2019

20 қарашадан бастап Әмбебап оқу залында қоғам және саяси қайраткер, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, филолог, Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі Әбіш Кекілбаевтің 80 жылдығына арналған «Кемел ойлы кемеңгер» кітап көрмесі жұмыс істей бастады.

Ә. Кекілбаев қазіргі кездегі қазақ әдебиеті мен мәдениетінің ерекше дарын иесі және қайталанбас құбылысы болды. Жазушы сыншы және көсемсөзші ретінде кеңінен танымал. Әбіш Кекілбаевтің қаламынан Қазақстанның әдеби өмірінде елеулі құбылыс болған 50 астам туынды дүниеге келді. Олардың ішінде авторға Абай ат. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығы берілген «Елең-алаң», «Үркер» тарихи романдары бар.

Оқырмандар арасында әсіресе «Аңыздың ақыры» романы ерекше сұранысқа ие. Бұл махаббат, шығармашылық шабыт, жанның күйзелісі, биліктің опасыздығы туралы шығарма. Автор өзінің повестері мен әңгімелерінде бұрынғы қатал кезеңнің адамгершілік бейнесін көрсетіп қана қоймайды, сондай-ақ қазіргі кездің ғаламдық мәселелерін де көтереді.

Көрмеге сондай-ақ Әбіш Кекілбаевтің өмірі мен шығармашылық жұмысы жайындағы әдебиеттер де қойылған.

Барлық тілек білдірушілерді көрмені көруге шақырамыз.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus