Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Марғұланның шығармашылық мұрасы
21.11.2019

2019 жылдың 20 қарашасында Абонементтер бөлімі қазақтың ғалым-археологы, шығыстанушы, тарихшы, әдебиет зерттеуші, өнертанушы Әлкей Хаканұлы Марғұланның туғанына 115 жыл толуына арналған «Марғұланның шығармашылық мұрасы» әдеби-тарихи кешін өткізді. Шара бірінші Президент Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылды.

Шараға Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Алаш» сыйлығының лауреаты, белгілі ақын Серікбай Оспанов, Ө. Сұлтанғазин ат. ҚМПУ Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы Қуаныш Әбілмәліков, Ө. Сұлтанғазин ат. ҚМПУ Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы Қуаныш Бектұрғанов, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының бейнелеу өнері бөлімінің меңгерушісі Сая Калинова қатысты. Қонақтар Әлкей Хаканұлының көптеген маңызды ғылыми жаңалықтар ашқан, түрлі эпостар мен әдеби шығармаларды зерттеген, қазақ халық қолөнерін зерттеп білген, соның арқасында Қазақстанның ұлттық мәдениеті тарихында лайықты орнын алған қазақ ғалымдарының жарқын өкілі екендігі туралы айтып берді.

Шара Әлкей Марғұланның өмірі мен шығармашылығы тақырыбын жан-жақты ашып көрсеткен кітаптар мен мерзімді басылымдардан алынған мақалалар қойылған үлкен кітап көрмесімен сүйемелденді.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus