Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Ұлтқа мақтаныш, ұрпаққа ұлағат»
05.01.2020

Абонементтер бөлімінде 2020 жылдың 3 қаңтарынан бастап қазақ ақыны, ойшылы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына арналған көрме-мемориал жұмыс істейді.

Қазіргі кезде қазақтың ұлы ақынының есімі Қазақстаннан тыс жерлерге де кеңінен танымал. Абайдың бай мұрасы жалпы адамзаттық құндылықтардың қатарынан берік орын алды. Абай бізге мәңгі өшпес бай мұра қалдырды.

Көрменің көрнекті жеріне адамзаттың керемет әдеби ескерткішіне айналған ақынның «Қара сөздері» қойылған. Одан кейін «Қайран тіл, қайран сөз» және «Адам деген даңқым бар» шығармалар жинағы, «Двадцать стихотворений на трех языках», «Шығармалар жинағы» кітаптары мен басқа да шығармалар орналасқан. Көрмені әдебиетші ғалымдардың кітаптары толықтыра түскен, олардың ішінде А. Машанидың «Әл-Фараби және Абай», Н. Анастасьевтің «Абай», З. Ахметованың «Абай и Лермонтов» эссе кітабы, «Слово об Абае», «Абай. Пушкин» жинақтары және т. б. бар. Қазақ әдебиетінің классигі М. Әуезовтың үздік шығармалары мен атын әлемге әйгілі еткен «Абай жолы» да көрмеден лайықты орын алған.

Барлық тілек білдірушілерді жыл бойы жұмыс істейтін және жаңартылып отыратын көрмемен танысуға шақырамыз.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus