Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Адам жанының білгірі»
06.01.2020

«Чехов – біздің махаббатымыз, бұл нағыз нәзіктік, әсемдік пен әдемілік, орыс өмірін суреттеген мұңға толы сұлу сыр, жаздың тыныш кешінде құмығып естілетін қайғы, бұл орындалмаған арманға деген сағыныш, орыстың бақытсыз бейшарасына деген бітпейтін аяушылық, бұл қазіргі кездегі адамның жан дүниесін түсіну», - деген болатын ХХ ғасырдың басындағы әдебиет зерттеушісі К. И. Арабажинъ.

Сирек кітаптар қоры белгілі жазушы, дарынды драматург, мамандығы бойынша дәрігер А. П. Чеховтың 160 жылдығына арналған «Адам жанының білгірі» көрме-қарауын безендірді.

Көрмеге көп кездесе бермейтін келесідей бірегей басылымдар қойылды:

            Чехов, А. П. Полное собраніе сочиненій в 17 томах. Т. 1-2, (1903 года);

            Чехов, А. П. Избранныя произведенiя (1922 г.);

            Арабжинъ, К. И. Публичныя лекціи о русскихъ писателяхъ (1909 г.);

            Воровский, В. В. Русская интеллигенция и русская литература (1923 г.);

            Записные книжки А. П. Чехова (1927 г.).

Сондай-ақ 1898 жылғы «Нива» журналының ай сайынғы әдеби қосымшасында Чеховтың көзі тірісінде жарияланған «Ионыч» әңгімесі қойылған.

Осы және басқа раритетті басылымдармен кітапхананың екінші қабаттағы фойесінде таныса аласыздар.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus