2019 жылдың қыркүйегінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбымен Қазақстан халқына жолдауын жариялады. Осы маңызды саяси оқиғаға орай Әмбебап оқу залы назарларыңызға саясаттанушылардың, аналитиктердің, қоғам қайраткерлерінің еліміздің маңызды құжаты жайындағы жарияланымдары қойылған «Жолдау – ұлтымыздың ұлы бағдары» кітап көрмесін ұсынады.
Көрменің басты бөліміне ақылды адамның күш-жігеріне толы, көптен күткен реформалар ортаға салынған ҚР Президентінің жолдауы қойылған. Мемлекет басшысының «Мысль» журналының № 9 санында жарияланған жолдауында «бәрінің бабын таба білу» ережесін ұстанудың қажеттігі, реформаны кезең-кезеңмен және жүйелі түрде жүргізудің керектігі атап көрсетілген. Сондай-ақ «Казахстанская правда» газетінің 2020 жылдың 05.01. санында мемлекет басшысының қоғамдық сенімнің ұлттық кеңесінің екінші отырысында сөйлеген сөзі туралы «Созидательный диалог» мақаласы жарияланды.
Сіздерді ағымдағы жылдың аяғына дейін көрмемізді көруге шақырамыз.