Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Көркем сөздің көрнекті шебері
13.01.2020

Өлкетану әдебиеттері бөлімінде жазушы, журналист, драматург, М. Шолохов ат. халықаралық сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Ресей педагогика және әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, профессор Сәбит Аймұханұлы Досановтың 80 жылдығына арналған «Көркем сөздің көрнекті шебері» атты дербес көрме ұйымдастырылды.

Көрермендер назарына жерлесіміз өзінің естеліктерімен бөлісетін Е. Анықбайдың «Айтөбел» және Сәбит Досановтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Тройная точка сердца» кітаптары ұсынылған. Осы бір тамаша тұлғаның өмірі мен шығармашылығы жайында көрмедегі мерзімді басылымдардан алынған мақалалардан да білуге болады.

Көрменің көпшілік бөлігі С. А. Досановтың өзінің шығармаларына: «Белая аруана», «Горная дорога», «Вторая жизнь», «Аспан жылаған түн», «Жиырмасыншы ғасыр» және т. б. арналған.

Сіздерді 2020 жылдың 17 ақпанына дейін жұмыс істейтін кітап көрмесімен танысуға шақырамыз.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus