Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Ұлы ерлікті ұрпаққа жеткізген кітаптар»
24.01.2020

Л. Н. Толстой ат. ҚОӘҒК Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған көлемді кітап көрмесі жұмыс істеп тұр.

Кітап көрмесіне кітапхана қорынан алынған, алуан түрлі жанрда жазылған тақырыптық кітаптар: тарих және соғыс туралы еңбектер, деректі басылымдар, көркем шығармалар, поэзия қойылған.

Көрмеміздің бірінші бөлімі соғыстың құжатты тарихын ұсынады. Бұл жерден фотоқұжаттарды, оқиғаның ортасында болғандардың хаттары мен әңгімелерін, ойдан шығарылмаған оқиғаларды көруге болады. Бұлар – «Блокада» халықтың естелік кітабы, «Свет Победы» фотокітабы, Нобель сыйлығының лауреаты Светлана Алексиевичтің«Последние свидетели», «У войны не женское лицо» кітаптары, «100 великих полководцев Второй мировой» жинағы. Бөлімге сондай-ақ Қостанай облыстық Ардагерлер кеңесінің бастамасы бойынша шығарылған көп томдық «Боздақтар», «Они вернулись с победой», «Костанайцы – герои тыла», «Они прошли через войну» халықтың естелік кітаптары және мемлекеттік және орыс тілдеріндегі басқа да көптеген басылымдар қойылған.

Соғыстың басты шайқастары туралы құжаттар баяндаса, адамдардың сезімдері туралы, олардың ойлары мен армандары туралы майдангерлердің ішінде аз болмаған жазушылар мен ақындар әңгімелейді. Сол себепті екінші бөлімге Б. Момышұлы, М. Ғабдуллин, Қ. Қайсенов, К. Симонов, А. Бек, Б. Васильев, В. Быков, Б. Полевойдың және т. б. шығармалары қойылған. Көрмені жақын және алыс шетелдің қазіргі кездегі жазушыларының шығармалары толықтыра түскен. Көрмеге қазақ және орыс тіліндегі туындылармен қатар ағылшын, неміс, француз тілдеріндегі шығармалар да қойылған.

Халықтың теңдесі жоқ ерлігі елдің есінен шықпақ емес – Ұлы Отан соғысында айқас алаңында болған ақындардың өлеңдері. Ж. Жабаев пен А. Твардовский, Қ. Аманжолов пен К. Симонов, Н. Байғанин мен Ю. Друнина, Ж. Молдағалиев пен О. Берггольц жұртына жар салып, жеңіске жетуге шақырды. Олардың ішінде қостанайлық авторлар: С. Мәуленов, П. Черныш, И. Щербинин және т. б. да бар. Бұл ақындардың өлеңдерін көрмеміздің үшінші бөлімінен таба аласыздар.

Көрме қаңтар және маусым аралығында жұмыс істейтін және жүйелі түрде жаңартылып отырылатын болады.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus