Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Соғыс. Ерлік. Мәңгі есте»
28.01.2020

Әмбебап оқу залында 1941–1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған кітап көрмесі жұмыс істей бастады. Көрменің «Ұлы Жеңіс және қазіргі кезең», «Ешқашан өшпейтін мәңгі ерлік», «Ұлы ерлікті ұрпаққа жеткізген кітаптар» атты негізгі бөлімдері Ұлы Отан соғысында орын алған оқиғалардың барысы жайында баяндайды. Ұлы Отан соғысының қаһармандары туралы әдебиеттер қойылған бөлім өзгелерден ерекше көзге түседі. Көрмеге тарихи-публицистикалық, энциклопедиялық, анықтамалық сипаттағы әдебиеттермен қатар, түрлі жанрдағы көркем әдебиет те қойылған. Көрмені көп көлемде қойылған мазмұнды материалдар, соғыс туралы дәйексөздер толықтыра түскен. Көрмеге барлығы 60 жуық басылым қойылған. Бұлар Ұлы Отан соғысы жайындағы баға жетпес басылымдар, олардың ішінде келесідей кітаптар бар:

«Ер есімі – ел есінде. Мы помним, мы гордимся...» кітабында қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы туралы және олардың фашизмді жеңуге қосқан үлестерін көрсететін материалдар жинақталған. Бұл кітап – әкелері мен аталарының ерлігін ұмытпайтын және олардың өшпес даңқтарының алдында бастарын иетін өнегелі ұрпақтың құрмет көрсетуі.

«Жеңіс! Победа!» фотоальбомына қазақстандық батырлардың, тың еңбеккерлерінің бірегей мұрағат фотосуреттері мен соғыс кезіндегі құжатты материалдар енгізілген.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы аясында шығарылған «Солдаты Победы. Казахстан в годы Великой Отечественной войны 1941–1945» кітабы Қазақстанның түрлі облысындағы көптеген адамдардың еңбектері туралы баяндайды.

Журналист Ж. Ибраевтің «Бауыржан Момышулы. Майдан жыры мен сыры. История одной книги» деректі повесі көптеген оқырмандар үшін естен кетпес жаңалық болары сөзсіз. Онда алғаш рет қазіргі кезде бар әлемге әйгілі Александр Бектің Мәскеу үшін шайқас жайындағы «Волоколамское шоссе» кітабын дайындауға Б. Момышұлының тікелей қатысқанын көрсететін оның майдандағы күнделіктері, хаттары мен баяндамалары жарияланған.

Әскери тарихшы Д. Тимошенконың «Последний бой Алии Молдагуловой» кітабына ұсынылған материалдар негізінде қаһарман қыздың өмірі мен қазасы туралы барлық айтулы оқиғаларды тізіп шығуға мүмкіндік беретін батыр жайындағы барлық естеліктер, сұхбаттар, газет мақалалары, мұрағат деректері жинақталған. Кітап авторы ұмыт болған белгісіз батырлардың есімін жарыққа шығарады, жақында болған оқиғаның ақтаңдақтарын жария етеді, кейде тарихи аңыздар мен бұрмалауларды әшкерелейді.

Қазақстан халық банкінің қолдау көрсетуімен жарыққа шыққан 3 томдық «Пламя Победы» кітабы майданда болған ұрпаққа көрсетілген құрмет. Кітапта Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандықтар туралы, тылда қалып жауынгерлерді ең қажетті дүниелермен қамтамасыз еткендердің ерен еңбектері туралы ақпарат берілген, сондай-ақ балалары мен немерелерінің өз ерліктерімен майдан даласында еліміздің тәуелсіздігін қорғап қалған әкелері мен аталары жайындағы естеліктері келтірілген.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс тақырыбы көрмеге қойылған басқа да басылымдардан көрініс тапқан.

Тарихымыздың ерлік пен қасіретке толы кезеңін біліп жүргісі келетіндердің барлығын 2020 жылдың 30 маусымына дейін жұмыс істейтін кітап көрмесін тамашалауға шақырамыз.

 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus