Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Абай – дана, Абай – дара қазақта» Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған
28.01.2020

    28 қаңтарда Л. Н. Толстой ат. ҚОӘҒК қазақтың ұлы ойшылы, ағартушы, ақын және қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевқа арналған  «Абай – дана, Абай – дара қазақта» кітап көрмесінің салтанатты ашылуы болды.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласында ұлы ойшылдың мерейтойын оны тек атап өту үшін ғана өткізбеу керектігін, ең бастысы бұл шара қазақстандықтарды кеңірек ойлауға және рухани дамуға ынталандыруы тиіс екендігін атап өтті.

Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының басшысы Е. Б. Қалмақов жиналған жұртты көрменің ашылуымен құттықтап, ұлы отандасымыздың шығармаларын оқуға және зерттеуге шақырды.

Филология ғылымдарының докторы, профессор А. А. Әбсадықов пен Ө. Сұлтанғазин ат. ҚМПУ профессоры С. Оспанов өз сөздерінде Абайдың шығармашылық мұраларының бірегейлігін ерекше атап өтті.

Адамгершілікті алдыңғы орынға қойған ұлы тұлғаның, философ, ағартушы Абай Құнанбаевтың мұраларын ой елегінен өткізу, түсіну жалғасын тапты.

Барлық қостанайлықтар мен қаламыздың қонақтарын көрмемен танысуға, әр сөзі заманмен бірге жасайтын, мағынасы мен мәні ешқашан жоғалмайтын кемеңгер тұлғаның, ұлт мақтанышының керемет ойларынан рухани нәр алуға шақырамыз. Ұлы ойшылдың өмірі мен шығармашылығына арналған әдебиеттер қойылған көрме жыл бойы жұмыс істейтін және толықтырылып отырылатын болады.

Абай мәңгі жасамақ және қашанда халқымен бірге болмақ.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus