Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Абай оқулары»
03.02.2020

2 ақпанда кітапханада татарлар мен башқұрттардың «Дуслык» ЭМБ ұлы ойшылдың 175 жылдығына арналған «Абай оқуларын» өткізді.

Шараға қатысып сөз сөйлеген З. Алдамжар ат. ҚӘТУ гуманитарлық ғылымдар кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы Р. И. Зекрист қонақтарға Абай философиясының қазақ мәдениетінің дамуына қосқан үлесі туралы айтып берді. Кездесуге қатысқандар қазақ және татар мәдениеттерінің өзара қабысып, үйлесіп жатқаны туралы, бірін-бірі байытып жатқаны туралы, бұған ағартушылардың, ең алдымен Абай Құнанбаевтың зор еңбек сіңіргені және үлес қосқаны туралы айтысты.

Шара барысында Абайдың ең танымал және бала кезімізден таныс өлеңдері қазақ, татар және орыс тілдерінде оқылды. Жастар оның өлеңдері мен музыкасына жазылған әндерді орындады.

Ұлы отандасымыз және оның шығармашылығы туралы, елімізде ғана емес, сондай-ақ шетелдерде атақты философ және ойшылды мәңгі есте қалдыру шаралары туралы қызықты ақпараттық материал жинақталған «Абай Құнанбаев» басылымының таныстырылымы қатысқандардың үлкен қызығушылығын тудырды.

Кездесуге келгендер үшін «Абай – дана, Абай дара қазақта» кітап көрмесі бойынша шолу өткізілді.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus