Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Тарихта бар туған ауыл»
06.02.2020

5 ақпанда Л. Н. Толстой ат. ҚОӘҒК «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында «Шолақсай-1» ЖШС негізін қалаушы, Қостанай облысының құрметті азаматы, мемлекеттік марапаттардың иегері, еңбек ардагері Өмірзақ Бекділдаұлы Ихтиляповқа арналған «Тарихта бар туған ауыл» атты кездесуін өткізді.

Елдің ұлылығы оның көлемімен немесе адамының санымен емес, оның тұлғаларының мәнділігімен анықталады деген сөз бар. Өмірзақ Ихтиляпов ауыл шаруашылығының талантты басқарушысы ғана емес, сондай-ақ тамаша және жан-жақты тұлға. Оның тағдыры мен туған жерінің тағдыры біртұтас болып бірігіп кеткен. Оларды бөліп қарау мүмкін емес. Біздің әңгімеміз Шолақсай туралы ғана емес, сондай-ақ арамызда жүрген адамның тағдыры туралы. Ол өткенін ұмытпайды, қазіргі жағдайға сай жұмыс істейді және келешекті есінен шығармайды.

Шараға қатысқандар: Үкин Кенжебек Үкіұлы – мемлекеттік қызмет ардагері, облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы, Қостанай облысының құрметті азаматы; Харченко Сергей Васильевич – Қостанай облысының құрметті азаматы; Меңдібаев Сәлім Тоқмырзаұлы – Жазушылар одағының және Журналистер одағының мүшесі, ҚР мәдениет қайраткері, Қостанай қаласының құрметті азаматы; Жетпісбаев Мұхамеджан Кәменұлы – мемлекеттік қызмет ардагері, Науырзым және Қарасу аудандарының құрметті азаматы; Захарченко Валентина Ивановна – «Баспа үйі» ЖШС директоры; Слесарь Марионелла Васильевна – «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы» АҚ филиалының – Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры.

Шара кейіпкерінің атына жүрекжарды, жылы және шынайы сөздер айтылды. Өмірзақ Ихтиляповтың ауқымды ойлауы, батылдығы, парасаттылығы, елден ерекшелігі кездесуге келгендерге естен кетпес көңіл күй сыйлады. Мұндай кездесулердің құндылығы да осыда болса керек.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus