Өлкетану әдебиеттері бөлімінің әдеби-ақпарат секторы кітапханаға өскелең ұрпақты тарту мақсатында жастардың түрлі бейресми ұйымдарымен белсенді жұмыс жүргізеді. Мұндай ынтымақтастыққа биылғы жылдың басынан бастап Л. Н.Толстой ат. ОӘҒК қонақжайында жексенбі сайын бас қосатын Үстел ойынын ұнатушылар клубы мысал бола алады. Клубтың жетекшілері Алмаз Төлегенов пен Анастасия Полыгалова кітапхананың жастардың өзара қарым-қатынас жасауы үшін және оларды кітап оқуға тарту үшін тамаша орын екенін еске салады, себебі үстел ойыны кітап секілді қиялыңдағы әлемді аралап шығуға мүмкіндік береді, әлеуметтік ортаға бейімделуге және уақытты жақсы өткізіп, демалуға жағдай жасайды.