Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы комиссиясының шешімімен 2020 жылы жалпы халықтық оқу үшін Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романы таңдап алынды.
19.02.2020

Әлімжанов Әнуар Тұрлыбекұлы (1930–1993) – атақты жазушы, журналист, қоғам қайраткері.

Ең танымал шығармалары: «Көгілдір таулар», «Отырар ескерткіші», «Достар кездескенде» романы, ақын-жауынгер М.Өтемісов жайындағы «Махамбеттің жебесі», қазақ халқының жоңғарлармен соғысы жайындағы «Жаушы» романдары енген «Дала жаңғырығы» трилогиясы, орта ғасырлық ойшыл, ғалым Әл-Фараби жайындағы «Ұстаздың оралуы» романы.

Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романы орта ғасырлық ұлы ойшыл, жұлдызшы, музыка теоретигі, философ, математик, кемеңгерлігі мен терең білімділігі үшін екінші ұстаз атанған қыпшақ даласының тумасы Әбу Насыр әл-Фарабидың өмірі мен шығармашылығы туралы баяндайды.

Автор Әл-Фарабидің ой-арманының, пікірінің өз дәуірінің идеялық-рухани, діни, сондай-ақ күнделікті, тұрмыстағы талап-тілегімен, ұстанымымен үндеспегенін, қайшы болғанын көрсетеді. Басты кейіпкердің қилы оқиғаларды басынан кешкен қиын тағдырын тізе отырып, оның жан дүниесінің ең нәзік тұстарын жеткізе отырып жазушы ғалым-ағартушының әсерлі және әдемі бейнесін жасайды.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus