Дәстүр бойынша 6
маусымда жыл сайын «Пушкин оқулары» өтеді, бірақ шараларды онлайн өткізу
талаптары биылғы оқуға біршама өзгеріс енгізді. Өлкетану әдебиеттері бөлімінің
әдеби-ақпарат секторы оқырмандарға Александр Сергеевич Пушкиннің туғанына 221
жыл толуына орай ешкім күтпеген сыйлық: барша жұрттың сүйікті ақынының өмірі
мен шығармашылығына арналған фильм дайындады. Фильмге Қостанайдың танымал
адамдары: ақын Евгений Демидович, мүсінші Егор Кислицын, қуыршақ театрының
актерлері Даниил Норка және Нелли Жуламанова, әнші және композитор Наталья
Закора, актер Анастасия Серикова және оның театр студиясына қатысушылар, психолог
және коуч Владимир Алексанин, «Крылья» әдеби студиясының қатысушылары, «ТК63»
тобының музыканттары қатысты.
Көрермендер Александр
Сергеевичтің өлеңіне жазылған романстарды, қызықты деректер мен монологтарды
тыңдайтын, біздің қаламыздың Пушкинмен қандай байланысы бар екенін білетін
болады, сондай-ақ таныс табиғатты тамашалап, қатысушылармен бірге классиктің керемет өлеңдері жазылған
кинолентарды еске алатын болады. Сіздердің жақсылап демалуларыңызды тілейміз! https://www.youtube.com/watch?v=Y_oFwYB7E1M |