Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Наурыз мейрамы құтты болсын!
20.03.2015
Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Менің Елім – Мәңгілік Ел» онкүндігі «Нұр шашқан Наурыз» сазды-поэзия кешімен аяқталды. Кездесуге жиналғандардың ішінде қостанайлық ақындар: ҚР ЖО мүшелері Н.Мұқатов, А.Шаяхмет, ақын Ғ.Бердалинова, профессор Ю.Бондаренко, жас авторлар, «Дружба» оңалту орталығының емделушілері және белсенді оқырмандар болды. Жүргізушілер Наурыз жайындағы поэзиялық шығармаларға шолу жасады, әсем ән айтылып, күмбірлеген күй тартылды, өлеңдер оқылып, бейнероликтер көрсетілді. Наурызды мерекелеуге қажетті барлық ақпараттарды табуға болатын ресурстар ұсынылды.
Қазақ халқының ұлттық тағамдары – бауырсақ, наурыз көже, жент, құрт, талқан, ірімшік және т.б. қойылған «Наурыз келді!» көрмесіне ерекше көңіл аударылды. Кездесу мерекелік дастарқан басындағы достық ахуалда өтті. Қонақтар жүрекжарды тілектерін білдірісіп, жыл өткен сайын Наурыз мейрамының еліміздің төріне шығып келе жатқандығына қуаныштарын жеткізді.
Көктем келіп, күн жылынды, көңілге жаңа үміт енді. Келген жылдың баршамызға қуаныш пен табыс әкелетініне, жаңа жетістіктерге жеткізетініне сенеміз. Наурыз құтты болсын!
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus