Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Қостанай облысы кітапханашылары арасында өткізілген ҰОС Жеңістің 70 жылдығына арналған «Ұмытылуға тиіс емес» облыстық буктрейлер байқауы
27.04.2015
2015 жылдың 27 сәуір күні «Л.Н.Толстой ат. Қостанай ОӘҒК» КММ Қостанай облысы тұрғындарының арасында кітап пен кітап оқуды насихаттау (буктрейлер жасау арқылы) мақсатында өткізілген облыстық буктрейлер байқауы өз мәресіне жетті. Буктрейлер әлем бойынша өзіндік жанрға айналып үлгерді. Енді ол Қазақстанға да жетті, соған орай байқаудың міндеті – «буктрейлер» ұғымын жасау және кітап оқуды сәнге айналдыру. Өнердің бұл түрінің жер бетінде пайда болғанына жиырма жылдан асып кетті. Алғашқы буктрейлер түсініктерімен қоса берілген безендірілген слайд-шоу түрінде пайда болды. Қазіргі кезде мұндай бейнероликтер жарнаманы, интернетті, кино мен әдебиетті біріктіретін өнердің жаңа түріне жатқызылып жүр.
Байқауға жеке жұмыстар да, сондай-ақ ұжымдық жұмыстар да қатысты.
Жасалған жарнамалық роликтің көмегімен байқауға қатысушылар ҰОС тақырыбына қатысты өздерінің оқырмандық ойларын ортаға салып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік алды.
Байқаудың қазылар алқасына Қостанай облысының мұрағат және құжаттама басқармасының, облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының мамандары шақырылды.
Қазылар алқасы өз жұмыстарын Ережеге сәйкес жүргізді және жұмыстарды келесідей талаптар бойынша бағалады: тақырыптың толықтығы және жан-жақты ашылуы, тақырыпты ашудағы өзіндік ерекшелік және жұмыстың техникалық тұрғыдан жүзеге асырылуы.
Жинаған балдары бойынша қатысушылардың буктрейлерлері келесідей орындарға ие болды:

Бас жүлде – Ненашева Юлия Владимировна, «Рудный ОКЖ» ММ №8 кітапхана-филиалының меңгерушісі – «Ни давности, ни забвения» - 97 балл

І орын – Яковлева Римма Анатольевна, Жітіқара АОКЖ әдіскері – «В водовороте времени», Ғ. Мүсіреповтың «Қазақ солдаты» повесі бойынша - 95 балл;

ІІ орын – Абдуллина Гульсум Дуйсембаева, Қостанай АОБК директорының балалармен жұмыс жөніндегі орынбасары – «Мы этой памяти верны» - 89 балл;

ІІІ орын – Калюжная Марина Юрьевна, Н.Қ.Дәулетова ат. Сарыкөл АОК кітапханаларды дамыту бөлімінің меңгерушісі – «Склоняя голову пред подвигом солдата» - 88 балл;
Қазылар алқасының қатысушыларға айтар басты кеңесі – жұмыстың мақсатын ұмытпау. Роликтен ең алдымен кітаптың не туралы айтатыны түсінікті болуы тиіс. Буктрейлердің негізгі міндеті – шығарманы жарнамалау. Алайда кітап оқымайтын адамның кітапқа деген қызығушылығын тудыру одан да маңызды екендігін естен шығармау керек.
Біз ҰОС Жеңістің 70 жылдығына арналған «Ұмытылуға тиіс емес» облыстық буктрейлер байқауының жеңімпаздарын құттықтаймыз және байқауға қатысқан барлық кітапхана қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз!
Жасалған барлық бейнероликтер кітапхана сайтына орналастырылады. Мұның сыртында олар кітапхананың әлеуметтік беттерінде белсенді насихатталатын болады.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus