Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Жеңіс жайындағы фильмдер
22.04.2015
2015 жылдың 22 және 29 сәуірі аралығында «Жеңіс жайындағы фильмдер» кинолекторийі өткізілді. Шара аясында «Мергендер» әскери, драма - режиссёрі Б. Шәмшиев (шығарушы Қазақстан, 1985 ж.); «В бой идут одни „старики“»: драма, әскери - режиссёр Л. Быков (СССР, 1973); «Мы из будущего 2»: военный - режиссёрі А. Самохвалов, Б. Ростов (Ресей, 2010 ж.); «Отряд особого назначения»: әскери - режиссёрі В. Лысенко (КСРО, 1978 ж.); «Дачная поездка сержанта Цыбули»: комедия, әскери - режиссёрі Н. Литиус (КСРО, 1979 ж.) көркем фильмдері көрсетілді. Фильмдердің алдында жиналғандардың назарына Ұлы Отан соғысына қатысқан батыр қазақстандықтарға арналған электронды көрсетілім мен онкүндік тақырыбына сай безендірілген кітап көрмесі ұсынылды.
Кинолекторийге қаламыздың шығармашылықпен айналысып жүрген танымал тұлғалары, философия ғылымдарының кандидаты, А.Байтұрсынов ат. ҚМУ оқытушысы Бондаренко Ю. Я., А.Байтұрсынов ат. ҚМУ журналистика факультетінің студенттері А. Қасымжанов, М. Сәдуақасовалар қатысты.
Қонақтар фильм соңында көргендері жайында ойларын ортаға салысып, жиналғандармен пікір алмасты. Кинолекторийге келгендермен әскери тақырыптағы кітап көрмесі аясында тегін фотосессия ұйымдастырылды.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ