Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Жеңістің 70 жылдығына арналған «Ұмытылмас ерліктер мен өшпес даңқ» кітап онкүндігі
30.04.2015
Онкүндікті аяқтаған кездесу соғыс кезіндегі кітапханашыларды: Елена Михайловна Петрушинаны, Анна Павловна Селиверстованы, Мария Сұлтанқызы Баймұхамедованы, Валентина Петровна Мартышкинаны, Зинаида Васильевна Бондаренконы, С. Подлинскаяны еске алуға арналды.
Соғыс кезіндегі кітапханашылар отансүйгіштіктерімен және өз жұмысының маңыздылығын терең түсінумен ерекшеленетін. Кітапханада ұйымдастырылған көрмелерде Отанымыздың өткен тарихы, ерлік жайындағы кітаптар насихатталып, соғыс қимылдарының барысын көрсетіп отырған мақалалар қойылды. Кітапханашылар әскерге шақырту пунктерінде, авиамектептерде, №507 зауытта, 2445 госпитальда майдандағы оқиғалар туралы әңгімелер өткізді, қабырға газеттері мен фотомонтаждар безендірді, ауыр жараланған жауынгерлерге Л.Толстойдың, И.Эренбургтың және М.Шолоховтың өлеңдерін оқыды. «Адамдар Шолоховты сүйсініп тыңдағандары сонша, олар ауруларын да ұмытып кететін»,- деп еске алатын А.П. Вертинская (Селиверстова).
Соғыс кезінде еңбек еткен кітапханашылардың арқасында сол кездің құнды жәдігерлері – майдан хаттары бізге жетіп отыр. Оқырмандар соғысып жүріп те кітапхананы естерінен шығарған жоқ, сол жақта жүріп олар кітапхана ұжымына хаттар жазды, солардың ішінде хаттары облысымыздың Мемлекеттік мұрағатында сақтаулы тұрған Иван Яковлевич Пинчук те бар. Шын жүректен шыққан қарапайым жолдардан кітапқа деген құрметті көруге болатын. Хаттардың мазмұнынан жауынгердің жанында сүйікті ақыны мен жазушысының шығармаларының болуы аса маңызды екендігін көруге болады. Кітапханамыздың қызметкерлері жолдаған кітаптар мен жауап хаттар салынған бандерольдарды майданда аса ризашылықпен қабылдады. Сол кездің адамдарының қолдарының таңбасы қалған бұл құжаттар ешқашан өзінің құндылығын жоғалтпақ емес. Соғысты көрмеген қазіргі кітапханашаларды олар кітапхана тарихы жайында ойлануға итермелейді. Өмір өз жолымен жалғасып келеді, Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК қазіргі таңда қуатты зияткерлік және ақпараттық орталыққа айналды, алайда Ұлы Отан соғысы оның өміріндегі ерекше беттердің бірі болып қала бермек.
С.Юсупова
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus