Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Зияткерлік қонақжай
14.05.2015
Әлеуметтік серіктестік аясында Қостанай облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасымен бірлесе отырып Достық үйінде «Қазақ әдебиетіндегі мемлекеттің қалыптасу және даму тарихы» атты кездесу өткізілді.
Кездесу белгілі қазақстандық автор Ілияс Есенберлинге арналды. Кездесуді жүргізген Басқарма басшысы Жанділда Қожахметұлы Мақанов Қазақстан Республикасы атынан Ілияс ағамыздың 100 жылдығына арналған салтанатты шаралар ЮНЕСКО-ның 2015 жылға арналған мерейтойлық шаралар кестесіне енгізілгенін және оның Қазақ хандығының 550 жылдығына арналғанын атап өтті.
Директордың кітапхана істері жөніндегі орынбасары Сәния Серікқызы Безаубекова қатысушыларды республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы жайында хабардар етіп, оларды 2015 жылдың басты кітабы – Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» кітабымен таныстырды және облыс кітапханаларының аталған акция аясында атқаратын жұмыстарының жоспарымен бөлісті.
ҚМПИ профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, ҚР ЖО мүшесі С.Оспанов, ақын-аудармашы Ә.Досов, А.Байтұрсынов ат. ҚМУ профессоры В.Гершун, А.Байтұрсынов ат. ҚМУ оқытушысы Ш.Төлегенова өз баяндамаларында жазушының шығармашылығына жоғары баға берісіп, оның тарихи шығармаларының арқасында қазақ халқының бес ғасырлық тарихымен танысуға болатындығын атап өтісті.
Ғылым мен шығармашылық қауымының, саяси партиялардың, этномәдени бірлестіктердің, БАҚ, облыстық мәдениет мекемелерінің өкілдерінен, қала мектептері мен колледждерінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінен құралған қатысушылар 50 астам басылым (І.Есенберлиннің шығармалары, жазушының шығармашылығы жайындағы кітаптар мен мақалалар) қойылған «Қазақ мемлекеттілігінің жылнамашысы» кітап көрмесіне ерекше қызығушылық танытты.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ