Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Әдеби десант
13.05.2015
Уақыттың бір орында тұрмасы анық, далада 2015 жылдың гүл жайнаған мамыр айы – Жеңістің 70 жылдығы. Кітапханамыздағы әдеби орталықтың ұйымдастыруымен Жітіқараға түсірілген әдеби десант кездесу барысында осы тақырыпты арқау етті. Ақындар Ә.Досов, А.Суслова, Ю.Вовк өздерінің соғыс, жеңіс, бейбітшілік жайындағы өлеңдерін шабыттана оқысып, тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берісті. Жітіқаралық авторлар оларды өздерінің шығармашылықтарымен таныстырып, өлеңдері мен прозаларын ұсынды. Жиналғандарды Людмила Ефимовна Вилейтоның соғыс жайындағы өлеңі ерекше әсерге бөледі. ОКЖ қызметкерлері жергілікті ақындарды, жұртшылықты кездесуге шақырды, осының арқасында екі қаланың шығармашылықпен айналысып жүрген адамдары бір-бірімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды. Данышпандар айтушыны тыңдай білу мен оның қайғы-қуанышына ортақтаса білу адамзат үшін бақытты сәттердің бірі дегенді айтады. Кездесу қонақжай қалыпта өтіп, қонақтарға Жітіқара қаласы мәдениет бөлімінің басшысы Ж.А.Әлмұхамедова мен ОКЖ директоры Л.В.Михайлова тұрғындар атынан ризашылықтарын білдірді. Десантты облыстық кітапхананың әдеби орталығының кітапханашысы С.Юсупова ұйымдастырды және өткізді.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus