Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Жазғы экскурсия
24.06.2015
Әдеби орталық 24.06 Ыбырай Алтынсаринның мемориалдық мұражайы мен көрмелер галереясына экскурсия жасады. Мағыналы да мәнді экскурсияны жүргізген Аида Мұсабаева келгендерді атақты ағартушының өмірімен және қызметімен таныстырды. Қостанайлық ақындар мен поэзияға құштарлар көрмеге қойылған құжаттармен, экспозициялармен, мүсіндермен мұқият танысты. Сондай-ақ Мәриям Хакімжанова, Ғафу Қайырбеков, Нәзира Дәулетова және Сәбит Досанов секілді танымал жерлестеріміздің өмірлері мен қызметтері туралы қойылған материалдар да қонақтардың таңданысын тудырды.
Көрмелер галереясының меңгерушісі Сая Калинова жергілікті суретші Т.Халифаеваның шығармашылығы жайында асқан ризашылықпен және отаншылдық тұрғысынан әсерлі әңгімеледі және бұл өз кезегінде келгендердің қызу қолдауына ие болды.
Танымдылығы мол және әдеміліктен алынған әсерлер әдеби шығармашылықтың артуына әсер етеді деп сенеміз.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ