Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Дәстүрді дәріптеуші жастар»
09.10.2015

(Қазақстан халқы ассамблеясына – 20 жыл)

Этностудия («Кітапхана түні» аясында)

Қазан айының басы кітапхана үшін елеулі мәдени оқиғамен есте қалды. Кітапқа толған кітапхана кеңістігінде қала тарихында алғаш рет «Кітапхана түні» атты ірі мәдени шара өткізілді. 

 «Кітапхана түні» аясында мазмұны мәнді, киімі сәнді, қимылы ырғақты этностудия жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Бөлім алдында сахналанған шара барысында облысымызда тұрып жатқан халықтардың көңілді, жалынды жырлары орындалып жатты.

Қазақ халқының әндері мен билерінің арасында этномәдени орталықтарының өкілдері өздерінің музыкалық шығармашылықтарын көрсетіп, өз халықтарының кейбір дәстүрлері туралы айтып берісті.

Кітапханаға зияткерлік жұмыстар, кітап оқу, білімін көтеру  үшін келетін қонақтарға арналып Қазақстан халқының тілдері күніне орай безендірілген «Тіл және ұлттық мінез» кітап көрмесіне экскурсия ұсынылды. 

Тілдік викторина шараға қатысқан қонақтардың лингвистикалық білімдерінің жоғары екендігін көрсетті.

Әлем халықтарының сиқыр өнерінің көрсетілуі этностудия бағдарламасының шырқау шегі болды.

Барлық тілек білдірушілер үшін бір уақытта Америка бұрышында ҚР АҚШ елшілігінен алынған робот техникасының көрсетілімі жүріп жатты және оған инновациялық технологиялармен таныстыру және олармен жұмыс істеу бойынша тапсырмалар енгізілді.

Этностудияның негізгі мақсаты қонақтардың шығармашылық әлеуеті мен энергетикалық ресурстарын көтеру, достық қатынастар орнату, мерекелік ахуал аясында түрлі ұлт өкілдерін біріктіру болды.

Осы кеште «Кітапхана түнін» бізбен бірге қарсы алған оқырманның еш өкінбесі, керісінше бұл кешті ұзақ уақыт есінде сақтары сөзсіз.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus