Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Донор-2015
09.10.2015

Әрбір адам өзінің денсаулығын өзі ойлауы тиіс. Алайда кей кездері біздің біреудің денсаулығын қалпына келтіруге көмек көрсетуіміз мүмкін.

         2015 жылдың 9 қазаны күні «Л.Н.Толстой ат. Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ дәстүрлі Донор күні өтіп, барлық тілек білдірушілер донор болуға мүмкіндік алды және қажетті қан қорын 11 литрден астам қанмен толықтырды.

         Дені сау ересек адам үшін стандартты қан беру көлемін – 450 мл беру оның көңіл-күйі мен физиологиялық жағдайына еш әсер етпейді. Оның үстіне қан алмас бұрын оның денсаулығын дәрігерлер мұқият тексеруден өткізеді және донордың денсаулығына ешқандай қауіп төнбейтініне кепілдік береді.

         Ғалымдар қанды тұрақты тапсырып тұратындардың қан бермейтіндермен салыстырғанда инфаркпен, жүректің ишемиялық ауруларымен он есе аз ауыратынын анықтаған. ДДҰ мәліметтері бойынша тұрақты қан тапсырушы донорлар орташа есеппен алғанда басқа адамдардан 5 жыл ұзақ өмір сүреді. Қан тапсыру арқылы біреудің өмірін құтқарып қана қоймай, сіз өзіңіздің де өміріңізді ұзартасыз.

         Барлық акцияға өз еркімен қатысушыларға шынайы алғысымызды білдіреміз!    

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus