Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Ардагерді шығарып саламыз
19.10.2015

Кітапхана тарихында көптеген әріптестеріміздің өміріне ықпал еткен тұлғалар жеткілікті. Салиха Салиховнаның есімімен облыстық кітапхана тарихының көптеген кезеңі байланысты. Абонементтер бөлімінің меңгерушісі болып істеген жылдар ішінде «Салиханың» мектебінен қазіргі кезде жақын және алыс шетелдің әр түпкірінде өмір сүріп жатқан 100  астам кітапханашы өтті. Туған жеріне ат басын тіреген әріптестері міндетті түрде кітапханаға қонаққа келіп, өз өмірлерінде қалдырған өшпес іздері үшін Салиха Салиховнаға алғыстарын білдіріседі және есте қалған елеулі оқиғаларын ортаға салысады.  

Зейнеткерлікке шыққанан кейін ол облыстық кітапхананың әдеби кеңесіне жетекшілік етті. Кез келген жанмен тіл табыса алатын, жан-жақты білімді, әдебиетті білетін және сүйетін ол қостанайлық ақындар мен жазушылардың құрметіне ие болды.

16 қазанда Салиха Салиховнаны құрметті демалысқа шығарып салу үшін қостанайлық авторлар қонақжайға жиналды. Қостанай облысы әкімдігінің ішкі істер басқармасы мен мәдениет басқармасы тарапынан, кітапхана әкімшілігі тарапынан алғыстар айтылды. Авторлар Салиха Салиховнаға арнаған өлеңдерін оқыды.  Авторлар өз ісіне деген адалдығы үшін, ұмытылмас отырыстар мен мерейтойлық және шығармашылық кездесулер, кітаптардың тұсаукесерлері үшін шынайы ризашылықтарын білдірісті.

Ардагер апамызға зор денсаулық тілейміз және кітапханаға жиірек келіп тұрыңыз дегіміз келеді!

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus