Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Менің жақсы көретін кітаптарым»
27.10.2015
Л.Н.Толстой ат. Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 27 қазан күні «Менің жақсы көретін кітаптарым» атты оқырман бенефисі өткізілді.  
Шараның мақсаты – Қостанай қ. Л.Н.Толстой ат. кітапхананың ең белсенді оқырмандарын үлгі ете отырып кітап оқуды және азаматтардың өз беттерінше білім алуларын насихаттау.  
Біздің бенецифиантымыз абонементтер бөлімінің ғана емес, сондай-ақ оқу залының да тұрақты қонағы болып табылады. Ол жаңадан түскен әдебиеттермен қызыға танысады, оқу залының барлық мәселелерін ескеріп жүреді, кітап көрмелерін назарда ұстайды және іс-шараларға қатысып отырады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысады.    
Кітап оқу ең сүйікті ісі болып табылатын Качеев Денис Анатольевич - Қостанай мемлекеттік университетінің философия кафедрасының аға оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты, тарих магистрі, Меценаттар клубының ғылым саласы бойынша сыйлығының лауреаты, «Қазақстанның философиялық конгресі» ҚБ Солтүстік Қазақстан бөлімінің жетекшісі. Ол 60 жуық ғылыми мақалалар мен 1 монография жариялады. Оның ғылыми жарияланымдары Астанада, Алматыда, Мәскеуде, сондай-ақ халықаралық басылымдарда да жарияланып тұрады. 
Шараға гуманитарлық, құрылыс колледждерінің, Қостанай мемлекеттік университетінің студенттері, Л.Н.Толстой ат. Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері шақырылды.
Шара көрсетілімдермен, бейнематериалдармен, буктрейлермен, кітап көрмесімен толықтырылды. 
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus