Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Ақ қауырсынның» бас қосуы
02.11.2015

01 қараша күні «Ақ қауырсынның» бас қосуы  болып өткен болатын. Отырыста ақын, радио тілішісі «Ақ қауырсын» клубының жетекшісі: Нұрқанат Құлабаев, сонымен қатар, А. Байтұрсынов ат. ҚМУ нің журналистика және ҚМПИ нің филология факультетінің қалам ұстап жүрген, «Ақ қауырсынның» мүшелері қатысты.

 Осы отырыста, ақындардың өлеңдері оқылып, пікірлер ортаға салынды. А. Қанғожин, А. Мұратбеков, А.Қорғанбеков, Н. Ақбабы, Н.Қасым, өз өлеңдерін оқып, Т. Әбдіковтің «Оң қол» әңгімесі талданды. Жас ақындардың өлеңдері іріктеліп алынып, «Қостанай таңы» газетінің келесі санына жарыққа шығатыны айтылды.

  Келесі бас қосуда «Күз» тақырыбында әр ақын, өз ойларын өлеңге айналдырып келулерін тапсырды. Осы айдан бастап, «Ақ қауырсын» клубының мүшелері арасында «Үздік ақын» жасырын дауыс беру арқылы анықтау үстінде.

Клуб мүшелері өздерінің сүйікті ақындарының өлеңдерін арнайы «Қазақ радиосына» оқып берді.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus