Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Мектеп кітапханаларына жүйелік технологияларды енгізу
02.11.2015

2015 ж. 27 қазанында Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК «Өрлеу» БАҰО» Қостанай облысы бойынша ПҚБАИ АҚ  ұйымдастырған «Мектеп кітапханаларындағы жүйелік технологиялар» халықаралық онлайн-семинарына қатысты. 

Қазіргі таңда мектеп кітапханаларына жалпы алғандағы кітапханалар дамуының барлық басты ағымдары: өз жұмысын автоматтандыру,  Жүйемен және цифрлық ресурстармен жұмыс істеу және т.б. тән (біреуінде жоғары, біреуінде төмен деңгейде).    

Мұның сыртында мектеп кітапханасының өзіндік ерекшелігінің бар екендігін – оның  білім беру процесіне көмектесіп және қолдау көрсетіп қана қоймай, оны жетілдіре түсуге ықпал жасау міндеттелген білім беру мекемесінің кітапханасы екендігін естен шығармау керек.  

Әдеттегідей Халықаралық мектеп кітапханасы күніне орайластырылып өткізілген «Мектеп кітапханаларындағы жүйелік технологиялар» халықаралық онлайн-семинары жүйелік технологияларды қолдану кезінде пайда болатын мүмкіндіктерді көрсетуді мақсат етті. Семинардың жұмысына Ресейден, Қазақстаннан және облыстың түгелге дерлік аудандарынан 61 ұйым қатысты, мұны аталған тақырыптың өзектілігі деуге болады. 

«Өрлеу» БАҰО» Қостанай облысы бойынша ПҚБАИ АҚ филиалы директорының оқу-әдістемелік істері жөніндегі орынбасары Сұлтанғазина Гүлбану Жәлелқызы өз сөзінде  мектеп кітапханасының құнды жағы ретінде ақпаратты пайдалану туралы жай айтылып қана қоймай, оқушылардың өз беттерінше білім алуларына белсенді тартылуларын атап өтті.

Осы пікір Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының маркетинг бөлімшесінің маманы Антон Бузиктің «Әлеуметтік баспасөздегі кітап маркетингі» баяндамасында жалғасын тапты. Заманауи жүйелік технологиялар кітап пен әдебиетті насихаттауда, оқушыларды кітап оқуға үйретуде зор мүмкіндіктерге ие. 

Златоуст қаласы білім және жастар саясаты басқармасының қайта даярлау курстары және кітапхана қорларын құру бойынша әдіскері Елена Валерьевна Качеваның «Мектеп кітапханашысына жобаның қажеті не?» баяндамасы жарқын және ақпаратқа толы болды.

Л.Н.Толстой ат. Қостанай ОӘҒК кітапхана процестерін автоматтандыру және механикаландыру бөлімінің ҚЭЖ секторының меңгерушісі Раскевич Наталья Ильинична құжатты электронды жеткізу қызметі туралы және Л.Н.Толстой ат. облыстық кітапханада осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жайында айтып берді. 

Ж.Бектұров ат. Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры Бекбалақова Гауһар Әбушахманқызы «Жастармен жұмыс істейтін кітапханалар – жаңа нысандар мен мүмкіндіктер аумағы» тақырыбына баяндама жасады.

Онлайн-семинар жүйелік технологияларды тиімді және мақсатына сай қолданып жүрген мектеп кітапханалары жұмысындағы түрлі бағыттарды көрсетуге тырысқан «Өрлеу» БАҰО» Қостанай облысы бойынша ПҚБАИ АҚ филиалының кітапхана жұмыстары бөлімінің жетекшісі Алексей Васильевич Олексюктің баяндамасымен аяқталды. 

Онлайн-семинардың қатысушылары мұндай байланыстардың пайдалы, бір-бірін байыта түсетіндігін және одан әрі бірлесе жұмыс істей беруге ынталандыра түсетінін бірауыздан атасып өтті.



ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ