Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Қазіргі кездегі кітапхана қорларын толықтыру мен есепке алудың ерекшеліктері»
02.11.2015

2015 жылдың 29 қазанында Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК біздің кәсіби жұмысымыздың ең маңызды бағыттарының бірі – кітапхана қорын толықтыруға арналған семинар-коучинг болып өтті.

Қазіргі таңда қоғамның дамуы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуымен байланысты болып отыр. Сондықтан да кітапханашылар үшін кітапхана қорын толықтыру күн өткен сайын өзекті мәселеге айналып келеді.  «Қорды толықтыру барысында нені басшылыққа алу керек, қандай мүмкіндіктер бар» деген сұрақтар күн тәртібінен түспейтін болды.

Осы себепті бүгінгі семинарға «Қазіргі кездегі кітапхана қорларын толықтыру мен есепке алудың ерекшеліктері» тақырыбы таңдалып алынды.

Семинарды ұйымдастырушылар қорларды толықтырудың қазіргі кездегі үрдістерін мүмкіндігінше толық қарастырып шығуға, РАБИС бағдарламасында библиографиялық сипаттамалар жасау бойынша практикалық ұсыныстар беруге тырысты. Семинар барысында дағдарыс кезіндегі кітапхана қорларын толықтыруды басқару, кітапханалардың толықтырылуы жайында ақпаратпен қамтамасыз ету, кітап қорын толықтырудың дәстүрлі және инновациялық жолдары, толықтыруға кететін шығындарды мейлінше оңтайландыру секілді және т.б. тақырыптар талқыланды.   

Күн тәртібіне қойылған мәселені талқылауға Жітіқара ОКЖ, Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК және Ы.Алтынсарин ат. ОБЖК қатысты.

Семинардың жұмысына Алматы қ. ҚР Ұлттық кітапханасы мен Н.В.Гоголь ат. Қарағанды ОӘҒК онлайн тәртібімен қатысты. Семинарға облыстық, қалалық және аудандық кітапханалардың толықтыру және әдебиеттерді өңдеу бөлімдерінің кітапханашылары шақырылды.

Семинардың қатысушылары сәтті шыққан жобалары мен жаңалықтарын, міндеттері мен мәселелерін ортаға салысып, оларды шешудің жолдарын бірге іздесті. 


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ