2015 жылдың 02.11 және 02.12 аралығында кітапхананың оқу залында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне арналған «Президент – Қазақстандағы тұрақтылық пен гүлдену кепілі» атты безендірілген кітап көрмесі жұмыс істейтін болады.
Көрме келесідей екі бөлімнен тұрады:
Бірінші: «Халыққа арналған сөз» –мемлекет басшысының кітаптары, баяндамалары, жолдаулары қойылған.
Екінші: «Өткенді шолу – болашаққа бағдар» – мемлекетіміздің тарихы, тәуелсіздікті жариялауы жайындағы материалдар жинақталған.
Мақсаты – ел көсемінің егемен Қазақстанның аяғына тұруына және дамуына қосқан тарихи рөлін көрсету. Көрмеге Қазақстан Республикасы Президентінің қазақстандық қоғамды жаңғыртуға және қайта құруға сіңірген еңбегін көрсететін әдебиеттер қойылған.