Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Берекелі бай өңір»
01.02.2016

2016 жылы аталып өтуі міндеттелген күндердің бірі – Қостанай облысының құрылғанына 80 жыл толуы. 28 қаңтарда Л.Н.Толстой ат.  Қостанай ОӘҒК қонақжайында аталған мерейтойға арналған «Берекелі  бай өңір» атты кітап-құжат көрмесінің салтанатты ашылуы болып өтті. 

Көрменің ашылуына ардагерлер, қоғам қайраткерлері, қалалық, аудандық мәдениет бөлімдерінің жетекшілері, орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директорлары, қаланың мәдениет мекемелерінің өкілдері, кітапхана оқырмандары шақырылды. 

 Кездесуді жүргізушілер қатысушыларды көрменің бөлімдерімен, оған облыстық кітапхананың қорларынан алынып қойылған материалдармен, облыстық тарихи-өлкетану мұражайы мен Мемлекеттік мұрағаттан алынған экспонаттармен және құжаттардың көшірмелерімен, Қостанай облысының геологиялық мұражайынан алынған экспонаттармен таныстырды.

Шараны ашып сөз сөйлеген кітапхана директоры Д.Т.Дүйсебаева көрмеге қойылған материалдардан келушілер Қостанай облысының тарихына қатысты белгісіз болып келген мәліметтерді білетін болады, өлкеміздің өткені мен бүгінгісін салыстыруға, тарихи оқиғалар мен деректерді өз бетінше бағалауға мүмкіндік алады деген сенім білдірді.  

Облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы К.Үкіұлы, Қостанай облысы әкімдігінің мұрағат және құжаттама басқармасының бөлім жетекшісі С.Тащанова, геологиялық мұражайдың меңгерушісі Т.Крылова, Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының тарихи-экспозиция бөлімінің меңгерушісі В.Федоренко өз баяндамаларында өз елінің тарихын білудің кез келген мемлекеттің тұрақтылығы мен қуатты болуын қамтамасыз ететіндігін атап өтті.

Қостанай облысының инновациялық дамуы жайындағы бейнеролик шараға қатысушылардың барлығының ерекше қызығушылығын тудырды.

Көрме жаңа әдебиеттермен жүйелі түрде толықтырылып отырылатын және жыл соңына дейін жұмыс істейтін болады. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus