Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Толстовкадағы» мерейтойы
05.04.2016

Ақындар мен жазушылар қай заманнан өздерінің шығармаларымен адамдарға қуаныш сыйлап, әлемнің мейірімді бола түсуіне өздерінің үлестерін қосып келеді. Әдеби қонажайда қостанайлық авторлармен кездесулер тұрақты өткізіліп отырылады. 

Қонақжайда 30 наурыз күні кезекті кездесу болып өтеді.  «Ақындар айтар ақиқат» деп аталған шығармашылық кеш ақын, аудармашы Әбдірахман Серғалиұлы Досовтың 70 жасқа толуына арналды.

Әбдірахман Серғалиұлы алғашқы «Алтын көпір» халықаралық аудармашылар байқауының және басқа да республикалық және облыстық әдеби байқаулардың лауреаты, облыстық Меценаттар клубының «Әдебиет» номинациясы бойынша бірнеше мәрте «Қазына» сыйлығының лауреаты, 5 астам кітаптың авторы.  

А. С. Досов шығармаларын 1981 жылдан бастап жариялай бастады, ол ақын ғана емес, сондай-ақ қазақ тіліндегі поэзияны орыс тіліне аударумен айналысатын аудармашы да. Ол оқырмандарды М. Мақатаев, Ф. Оңғарсынова, А. Шаяхмет, С. Оспанов, Ж. Баязид, М. Бектемірова секілді қазақстандық танымал авторлардың және т.б. шығармашылығымен таныстырды.   

Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы атынан мекеме басшысының орынбасары Г.К.Әміренова құттықтау хат оқыса, кітапхана директоры Д.Т.Дүйсебаева мерейтой иесіне «2016 жылға берілген Қостанай облысының атаулы күндері және оқиғалар күнтізбегі» мен автордың мерейтойына арнап ақпараттық-библиографиялық бөлімнің қызметкерлері дайындаған «Ақын әрі аудармашы» библиографиялық құралын сыйға тартты.

Кеш барысында автор өзінің өлеңдерін оқыды. Автор жақында шыққан «Сердцебиение» кітабының 30 данасын «Толстовканың» оқырмандары үшін кітапханаға сыйға тартты.  

Авторды мерейтойымен құттықтау үшін қаламдастары: А. Суслова, А. Амир, А. Каратаев, В. Лоскутников, А. Бекмаганбетов, В. Растегин, шығармаларын ұнатушылар, кітапхана оқырмандары, жастар, БАҚ өкілдері келді.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus