Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Қостанай облысының тарихы
14.04.2016

Қостанай облысының 80 жылдығына арналған «Берекелі  бай өңір» кітап-құжат көрмесі шеңберіндегі кездесуді жалғастыру мақсатында 12 сәуір күні «Оқымыстылар ортамызда» клубының аясында  ҚМПИ ғылыми жұмыстар және шетелмен байланыс жөніндегі проректоры Е.Әбіл Қостанай индустриялық-педагогикалық колледжі мен ҚМПИ «Туризм және спорт» факультетінің студенттері үшін ашық дәріс өткізді. 

Кездесу «Берекелі  бай өңір» көрмесіне бейнешолу көрсетумен басталды. Отандық тарих жайындағы кітаптардың авторы, тарих ғылымдарының докторы Еркін Аманжолұлы өңіріміздің тарихына қысқаша шолу жасап, облыс тарихын зерттеуде болашағы мол бағыттар жайында айтып берді. 

Кездесуге келгендердің сұрақтарына жауаптар беріліп, танымдылығы мол және мазмұны бай әңгіме болды.  Кеш соңында дәріскер барлық шараға қатысушыларды кітапты көбірек оқуға, өлкеміздің тарихымен тереңірек танысуға шақырды. 


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ