Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Жыр бесігін тербеген ана
27.10.2016

Қазан айының 27 күні Л.Н.Толстой ат. Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының әмбебап оқу залы қазақтың көрнекті ақыны, Қазақстанның халық жазушысы Мәриям Хакімжанованың туғанына 110 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Жыр бесігін тербеген ана» атты поэзия кешін өткізді. Кешке Мәриям Хакімжанованың көзін көрген туысқаны, профессор Ахметов Аманжол Зұлқарнайұлы, ақын, драматург  Шаяхмет Ақылбек Қожаұлы және Ы.Алтынсарин атындағы мемориалдық мұражай қызметкері Досмағамбетова Шынар Сұлтанқызы арнайы шақырылған қонақтар қатарында қатысты. Сондай-ақ, әдеби кештін көркін келтіріп, ақын анамызға арналған өлеңдерін оқу үшін М.Хакімжанова атындағы №20 орта мектеп оқушылары мен ақынның өз өлеңдерін оқуға Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының қазақ және орыс филологиясы факультеті студенттері келді. Көрермендер қатарында аталмыш жоғары оқу орны студенттері және Қостанай гуманитарлық колледжінің студенттері де болды.

Шара жастар мен қоғам ішінде ақын анамыз Мәриям Хакімжанованың шығармашылығын насихаттап, дәріптеуді мақсатында өткізілді.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus