Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Елбасы және тәуелсіздік
23.11.2016

         Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан кейінгі тарихы оның тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жұмысымен тығыз байланысты.

            Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында кітапханада саяси ғылымдар докторы, профессор М.Б. Қасымбековтың қазақ және орыс тілдерінде шыққан «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» кітабының тұсаукесері болды.

            Оқырмандар назарына ұсынылған аталған кітап –  Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен қызметін тарихи-өмірбаяндық тұрғыдан ресми түрде зерттеудің алғашқы тәжірибесі. Мұнда оның қарапайым ауылдағы жасөспірім кезінен бастап, ұлт көшбасшысына дейінгі өмір жолы баяндалады.

                Кітаптың тұсаукесеріне Қостанай облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының Өңірлермен және қоғамдық-саяси бірлестіктермен әрекеттестік бөлімінің жетекшісі Ж.Қ. Мырзабаева, филология ғылымдарының кандидаты, ҚМПИ доценті, ҚР білім беру саласының құрметті қызметкері, желтоқсан оқиғаларының куәгері Қ.Т.Нұрмұхаметова, Ұлтаралық және дінаралық келісім мәселелерін зерттеу орталығынң жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты, А.Байтұрсынов ат. ҚМУ доценті, Қазақстан дінтанушылар конгресінің мүшесі, облыстық Қазақстан халықтары ассамблеясының ғылыми-сараптама тобының мүшесі  Ж.Ә.Шаукенов, «Нұр Отан» партиясы Қостанай облыстық филиалының жанынан жұмыс істейтін «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Е.С.Төлетаев қатысты.

                           Кітапты жиналғандар жылы қабылдады. Шараға қатысушылардың жалпы пікірі бойынша «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» кітабы Қазақстанның ең бертінгі тарихы бойынша елеулі құжаттама көзі болып табылады. Өз кезегінде шараны ұйымдастырушылар, кітапхананың абонементтер бөлімінің қызметкерлері аталған басылымның кітапхана қорынан лайықты орын алатынына және оқырмандар тарапынан сұранысқа ие болатынына сенім білдірді.  

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus