Биыл еліміздің тарихында алтын әріптермен жазылған қастерлі жыл
Тәуелсіздіктің 25 жылдығы. Республика бойынша «Ұлы Дала Елі –
Тәуелсіздіктің 25 Негізі» 25 Жұлдызды күні ақция аясында Қазақстанның Тәуелсіздік
жылдарындағы жетістіктерін таныстыратын 25 іс-шара өткізілуде.
Осындай шаралардың бірі Л. Толстой ат. әмбебап ғылыми кітапханада мәдениет және руханият
күні орай«Руханият - еларалық алтын көпір» атты дөңгелек үстел
өткізілді. Шараға Жазушылар
одағының мүшесі, ақын Серікбай Оспанов, қалалық мешіт имамы Дайыр Дүйсен
Сәрінжіпұлы, І. Омаров ат. қазақ драм театр актері Төленді Әлғожа, «Қостанай таңы» газетінің меншікті тілшісі
Қымбат Досжанова, әмбебап оқу залының кітапханашысы Алмас Мұратбеков, А.
Байтұрсынов ат. ҚМУ студенті Жанболат Кенжеғұл қатысты.
Негізгі тақырып жастардың мәдениеттілігі, адамгершілігі, жастардың рухани
әлемі жайлы болғандықтан тақырып аясыда
осы ауқымда болды. Серікбай Оспанов өз сөзін де «ең бірінші озық ойлы
жастар даярлау үшін алдымен кітаппен серік болған жөн»- десе, қалалық иман
Дүйсен Сәрінжіпұлыда осы айтылған пікірмен келісе отырып, «жастарымыз сауатты,
иманды болуы шарт, сонымен қатар ер азаматтарымыздың бойынан ұлттық намыс пен
қайсар рухы биік тұрғаны жөн»- деді.
Актер Төленді Әлғожа, кітапханашы
Алмас Мұратбеков бүгінде аталмыш мәдени орындарда жастардың саны көптеп келуі
қуантатынын жеткізсе,газет тілшісі Қымбат Досжанова, шығармашыл жастардың
таланттарын насихаттау үшін газет беттерінде түрлі айдарлардың жұмыс жасайтынын,
сонымен қоса жастармен бірге түрлі байқаулардың өтіп тұратынын сөзге арқау
етті. Сөз соңында студенттер сұрақтар қойып, ой елегінде жүрген сұрақтарына
жауаптарын ала алды. |